Нұрлан имам Тик-Токта 2 000 доллар ақшасы барын білмеген

Енді имам мұны қайырымдылыққа жұмсағысы келеді

Фото:Ulysmedia.kz

Нұрлан имам әлеуметтік желі арқылы тапқан ақшаға қажылыққа жолдама алып, оқырманына сыйламақшы,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрлан имам әлеуметтік желідегі парақшасында танымал мобилограф Қыран Талапбекпен бірге отырған видеосын жариялады. Бейнеде блогер дін өкілінің Tiktok тіркеулі жазбасының теңгерімін тексергенін көруге болады. Мобилограф тергерімді қарап, имамға шотта біршама қаражат тұрғанын айтады. Ал Нұрлан имам мұндай табыс туралы мүлдем бейхабар болған. 

"Сәлем, достар. Қазір Нұрлан имаммен бірге отырмын. Бұл кісілер Tiktok желісі тікелей эфирде көрермендері берген сыйлық үшін ақша алуға болатынын білмепті. Қарасам, теңгерімінде 2 мың АҚШ доллары бар ғой", - дейді Қыран Талапбек. 

Ал Нұрлан имам бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрген. 

"Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге, Ұмраға қажылыққа жолдама ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын", - деп жазған имам.

Жүктелуде...