weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 14:01 / Жасмина Нурлан / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мәслихат сайлауы: кандидаттарға қанша теңге бөлінеді?

Қазақстанда 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын кандидаттардың шығындары белгіленді. Қаражат республикалық бюджеттен бөлініп, үгіт-насихат жұмыстарына, БАҚ-та сөз сөйлеуге және көлік шығындарына жұмсалады. Бұл туралы Newsroom.kz BES.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
 

Мәслихат сайлауы: кандидаттарға қанша теңге бөлінеді?
Фото: Ашық деректер көзі

Орталық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес, елорда, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттығына кандидаттарға БАҚ-та сайлауалды бағдарламасын таныстыруға және баспасөзде немесе интернет-басылымдарда екі мақала жариялауға 410 мың теңге қарастырылған. Ал сайлауалды іс-шаралар мен үгіт материалдарын шығаруға 180 мың теңге, көлік шығындарына 110 мың теңге бөлінеді.

Қалалық мәслихаттарға кандидаттар үшін БАҚ-та сөз сөйлеу мен жарияланымдарға 400 мың теңге, үгіт-насихат іс-шаралары мен материалдарына 170 мың теңге, көлік шығындарына 80 мың теңге белгіленген.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға БАҚ-та сөз сөйлеу және жарияланымдар үшін 290 мың теңге, үгіт-насихат жұмыстарына 130 мың теңге, көлік шығындарына 80 мың теңге қарастырылған.

ОСК бұл шешімдерді «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес қабылдаған. Қаулылар аумақтық және округтік сайлау комиссияларына, сондай-ақ бірмандатты округтер бойынша тіркелген кандидаттарға жеткізіледі.

Еске салайық, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленген.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер