Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жаңа оқу жылында қанша бала бірінші сыныпқа барады

Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтінім берді

Жаңа оқу жылында қанша бала бірінші сыныпқа барады
Фото:Adyrna.kz

Елімізде бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжат тапсыру жалғасуда. Оқу-ағарту министрлігі 5 шілдеге дейін қанша өтініш келіп түскені туралы ақпарат берді,-деп хабарлайды newsroom.kz 

Министрлік ақпаратынша, 1-сыныпқа өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.

"Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтінім берді. Бүгінге дейін 275 177 өтінім келіп түсті. Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізген. Алдын ала болжам бойынша, 2024 жылдың 31-желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, осылайша олардың бірінші сыныпқа баруға толық мүмкіндігі бар", - делінген хабарда.

Ведомство ақпаратынша, азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет көрсету толығымен автоматтандырылған.

Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері өтінімдерін еgov.kz электронды порталында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады.

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінімдер демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.