Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Желі жұлдызы жарының анасын туған күнімен ерекше құттықтады

Желі жұлдызы күйеуінің анасына пластикалық отаға сертификат  сыйлаған

Желі жұлдызы жарының анасын туған күнімен ерекше құттықтады
Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал блогер әрі актриса Айжан Байзақова жарының анасын туған күнімен ерекше құттықтап, тосынсый жасады. Желі жұлдызы  ерекше сыйлық тарту еткен,-деп хабарлайды newsroom.kz

Айжан Байзақова енесін туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram желісінде оқырмандарымен бөлісті. Аталмыш видеода блогер ару күйеуі мен үлкен ұлымен бірге әндетіп, торт тарту еткенін және отбасыдағы сыйластық пен татулықты көруге болады.

Желі жұлдызы күйеуінің анасына пластикалық отаға сертификат  сыйлаған.
"Бүгін менің сүйікті енемнің туған күні. Біз сыйлық жайында ұзақ ойландық. Анамызға ең жақсысын таңдадық. Енді ол мықты қазақстандық хирургке барып, одан әрі сұлуланадв", - деп жазды Байзақова. 

Желі қолданушылары блогердің енесіне деген құрметі мен сыйластығына риза болып, жылы лебіз білдірді.

"Міне нағыз келін деп осыны айт. Сыйластығы қандай", "Айжанның біріншісі баласын өз немересіндей көреді екен. Қандай ақылды әйел", "Айжаннан жақсы келін шықпайды дегендер қайдасыңдар? Жарайсың, күйеуіңнің анасы қашанда сыйластыққа ие болу керек", "Ерекше сыйлық сыйлапсыздар", "Бұл арзан сыйлық емес", - деп жазуда көпшілік.