Қарағандыда 23 жастағы ер азамат жалған ақшамен сауда жасағаны үшін істі болды, деп хабарлайды newsroom.kz
Ішкі істер министрлігі жас жігіттің тәулік бойы жұмыс істейтін гүл сататын дүкеннің бірінде сатушылардың кезекшілігі ауысып, қарбаласып жатқан уақытын пайдаланғанын хабарлады.
«Ауысым уақытында алаяқ 20 мың жалған ақшаға гүл сатып алған. Онымен қоймай, ол жақын маңдағы асханада таңғы ас ішіп, 20 мыңдық жалған купюрасын толық теңгеге айырбастады», – деп хабарлады полицияда.