Әлеуметтік желіде жастардың автомат пен тапаншадан аспанға оқ атып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Видеоға қарағанда, оқиға той кезінде болған. Музыка фонында қонақтар атыс қаруынан аспанға бірнеше рет оқ атады. Жиналғандар олардың әрекеттерін телефонға түсіреді.
Алматы облысының Полиция департаменті қазір оқ атқандардың жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.
"Алматы облысының полицейлері құқық бұзушыларды анықтау бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады ведомство.