8 маусымда ауа райы қандай болады?

Алматыда күн бұлтты болады

Фото: Устинка

Астана, Алматы және Шымкентте 8 маусымда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,7 м/с болмақ. Астанада синоптиктердің болжамынша, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін жетіп, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,1 м/с. Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 33 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,2 м/с деңгейінде болмақ.

 

Жүктелуде...