Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Құлсарыда су сору жұмыстары кезінде 2001 жылғы құтқарушы қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Құлсарыда су сору жұмыстары кезінде 2001 жылғы құтқарушы қаза тапты
Фото: qaz365.kz

Құлсарыда су сору жұмыстары кезінде 2001 жылғы құтқарушы қаза тапты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми мәліметтер бойынша, 2024 жылдың 29 мамырында Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы Жылыой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында бақилық болған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Рақым Бейбарыс 2001 жылы Атырау қаласында туған. Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет екен. Осы қысқа уақыт ішінде бірнеше ірі, күрделі өрттерге қатысып, адам өмірін, мүлкін құтқаруда, қорғауда бар күш-жігерін салып, халық алғысына да бөленген.

Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды.

Биыл су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірдің бірі – Жылыой ауданы. Құлсарыда мыңдаған үйді су басып, қаншама отбасы баспанасыз қалған еді.