Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Жасұлан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
Фото: Qaz365.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Жасұлан Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Алдымен Мәжіліс Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кандидатурасына келісім берді. Сосын президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Жасұлан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында, ҚР Ұлттық банкінің құрылымында, «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» компаниясында, Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында» басшылық қызметтер атқарған.