Түркістандық ағалы-қарындасты Рысқұлбековтер Меккеге велосипедпен жолға шықты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде бөлісті.
Бауырлар Түркістан облысының Төрткүл ауылынан шыққан. Жолдарына шағын азық пен киімдер ғана алып шыққан. Сөздеріне қарасақ, Қасиетті мекенге осылай бару керектігі туралы түстерінде Алла аян берген. Өткен жылы да жолға шыққан екен. Бірақ Ақтау қаласының шекарасында құжаттарының жоқтығына байланысты шекарадан шыға алмапты. Енді құжаттарын сайлап, шамамен екі айда Меккеге жетеміз деп отыр.