Шымкенттің әкімі Джо Дассеннің ұлымен дос екен

Үш музыкалық аспапта ойнайды

Фото: instagram/ Ғабит Сыздықбеков

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның аты аңызға айналған американ-француз әншісі Джо Дассиннің ұлы Джонатон Дассинмен кездесті. Ол өзінің шығармашылығымен Қазақстанға бірнеше рет келген,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Бүгін мен Франциядан келген қонақ, аты аңызға айналған американ-француз әншісі Джо Дассеннің ұлы, досым Джонатон Дассенмен кездестім. Ол жеңіл фольклорлық және джаз элементтері бар шығармаларын, сондай-ақ Джо Дассеннің репертуарындағы әндерді орындап, әкесінің жолын жалғастырды. Үш музыкалық аспапта ойнайды. Джонатанның бұл Қазақстанға бірінші рет келуі емес, алайда, Шымкентті алғашқы көруі. Кездесу барысында қаламызда концерт ұйымдастыру мүмкіндігін талқыладық,-деп жазды әкім Ғабит Сыздықов.

Жүктелуде...