Аудан әкімдігінің мәліметінше, оқиға 28 сәуірде болған. Быково ауылында үйге ашық есіктен қасқыр кіріп кеткен. Үйдің иесі оны қуып шықпақ болғанда жыртқыш оның өзін талаған,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Сондай-ақ қасқыр сырттағы 2 итті де талап кеткен.
«Содан кейін Быково ауылының тұрғындары жиналып, қасқырды іздеп тауып, оның көзін жойды», - делінген хабарламада.
Жыртқыш жалғыз жүрмеуі мүмкін деген қауіпке байланысты 29 сәуірде төменгі Быково ауылындағы 10 бала қашықтан оқыған. Ал жергілікті атқарушы органдар, ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет шұғыл әрекетке кірісті.
«Қасқырдан және зардап шеккен тұрғыннан талдау алынып, сараптамаға жіберілді. Бүгінде ауылдағы жағдай тұрақты, балалар штаттық режимде оқып жатыр», - делінген хабарламада.