Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында орналасқан. Үлкен Нарын ауылында жер сілкінісінің қарқындылығы 2 балл болған.
Жер сілкінісінен кейін мамандар өңірдегі жағдайды тексерді. «Қазселденқорғау» қызметінің мамандары өзен арналары мен гидротехникалық нысандарды, сондай-ақ сел және сырғыма қаупі бар аумақтарды қарап шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Өңірдегі жағдай тұрақты.
Мамандар жер сілкінісінің салдарын бақылауды жалғастырып жатыр.