Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 4 сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы облысы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 23 сәуірде Қарасай ауданындағы Қошмамбетов атындағы мектепте 10 жастағы қыз бала көз жұмды.
Ата-анасы мектеп басшылығы мен жедел жәрдем қызметкерлерін әрекетсіздігі үшін және немқұрайлығы үшін кінәлап отыр. Жап-жақын жерге 40 минут бойы жете алмай әрең келді, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, сабақ үстінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін арашалай алмады.
Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.