Қазақстандық лудоман Оңтүстік Кореяда абақтыға қамалыпты

Сеулге жұмыс істеуге кетіп, қарызға батып кеткен лудоман кім?

Фото: azattyq-ruhy.kz

Ерік Жанділда есімді желі қолданушысы Кореяға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық лудоманның оқиғасымен бөлісті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Мен Сеулде 3 жыл түрмеде отырған қазақстандық лудоманды кезіктірдім. Ол Қазақстанда казинодан 25 млн теңге ұтылған. Оның жалпы қарызы 15 млн теңгені құраған. Содан соң ол Кореяға кетіп, жұмыс істеп қарызын жапқысы келген. 6 ай бойы құрылыста жұмыс істеп, айына 1,5 млн теңге табыс тапқан. Ауыр жұмыста еңбек етіп шаршаған ол қайтадан казиноға барған. Бірақ барлық жинағын, жалақысын казинодан ұтылып қалған. Содан кейін ол бөлмесіне келіп, көршілерінің ақшасын ұрлап кеткен. Көршілерінің бәрі ТМД елдерінен келген екен. Олардың да жинағын жойып жіберген соң, ол қашып кеткен. Қазақстанға қайтуды ойлаған. Бірақ Кореялық полицейлер оны екі күннен кейін тауып алған. Көршілері үстінен арыз жазып жіберген екен. Оны 3 жылға қамауға алған. Қазақстанға келіп, жазасын өтеген. Қазір ол түрмеден шығып, 250 мың теңгеге жұмыс істейді. Бірақ өте ауыр депрессияға шалдыққан. 34 жылының 14 жылы босқа кетті. Егер сен лудоман болсаң, қайда барсаңда мәселеден қаша алмайсың. Тек санаңды өзгертіп, ойыңды басқа жаққа бұрмасаң",- деп жазды ол.

Жүктелуде...