Фазылбек Әбсаттарұлы еліміз қиын кезді бастан кешіп жатқанда, футболистердің көп мөлшерде жалақы алуы дұрыс емес екенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
"Мынадай қиын кезде проф.футболды бюджеттен қаржыландыруды тоқтату керек... Африка балаларымен көптеген матчтарымыз болды.
Содан бері әрдайым айтамын, Африкадан үйренеріміз көп деп. Еуропа футболындағы әлеуметтік жауапкершілік туралы том том кітап жазбаса, оған уақыт жетпейді. Біз алдымен Африка футболындағы әлеуметтік жауапкершілікті үйреніп алайық.
Өздеріңіз жақсы білесіздер, Африка футболистері еліндегі барлық мәселенің басында жүреді. Елінде не проблема болса соны шешіп басында футболистер жүреді.
Қазақстанның ел ретінде қиын жағдайға тап болған кезінде футболистердің үндемей миллиондап теңге айлық алып отырулары ұят. Бюджетте онсызда ақша қалмай компанияларға қол жаятын жағдайға жеттік (бұндай жағдай Қазақстан тарихында бірінше рет шығар). Көмекке тайлы тұяғымен қалмай бүкіл бетке тұтар азаматтарымыз барып жатыр: әнші, ақын жазушы, спортшылар, тб. Ішінен тек футболистерді іздеп таба алмадым. Әлде Африка футболистері көмекке келіп ұяттарыңды оятсын ба. Африка футболистерінің өз елдеріне көмектері жергілікті бюджеттерден асып кетеді. Оның бәрін тізіп айтпай ақ қояйын, оны бәрі біледі...",- деп жазды ол.
Сондай-ақ ел футболистеріне Африка футболындағы әлеуметтік жауапркершілікті үйрету керектігін ұсынды.
"Қазақстан футболистеріне Африка футболындағы әлеуметтік жауапкершілік туралы үйрету. Немесе проф. футболды бюджеттен қаржыландыруды тоқтату керек. Дамыған елдер футболы бюджеттен қаржыландырылмайды",- деді Фазылбек Әбсаттарұлы.