Синоптиктер Қазақстан облыстарына ауа райына байланысты ескерту жасады

18 сәуірде ауа райы қандай болады?

Фото: egemen.kz

"Қазгидромет" РМК Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды newsroom.kz.

"2024 жылғы 18 сәуірде Алматыда, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жүктелуде...