Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мүгедек қыламын! Алматылық бойжеткен анасының бұрыңғы шетелдік күйеуі күн көрсетпейді деп араша сұрауда

Анасының бұрынғы серіктесі Әзербайжан азаматы ажырасқаннан кейін әйелді аңдып, ұрып-соғады

Мүгедек қыламын! Алматылық бойжеткен анасының бұрыңғы шетелдік күйеуі күн көрсетпейді деп араша сұрауда
Фото: For.kg

Әлеуметтік желіде анасына көмек сұраған қыздың видеосы пайда болды. Оның айтуынша, анасы бұрын бірге тұрған серіктесінен зорлық көріп келген, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Исламина Мурзабаева есімді бойжеткен Instagram-парақшасында Алматыда, ал анасы Қостанайда тұратынын айтты. Бір жылға жуық уақыттан бері екеуі де қорқынышпен өмір сүріп жатыр, ең алдымен Исламина анасының өмірі үшін алаңдайды. Оның айтуынша, анасының бұрынғы серіктесі Әзербайжан азаматы ажырасқаннан кейін әйелді аңдып, ұрып-соғады.

"Анам жұмыстан шығып бара жатқанында, оны бұрынғы серіктесі аңдып, артынша ұра бастаған. Оны өтіп бара жатқан адам видеоға түсіріп алған. Серіктесі жұмысына келіп, сол жерде жанжал шығарады. Куәгер көп, оның сөз түсінбейтінін бүкіл жатақхана біледі. Оның үстінен бір емес бірнеше рет арыз жаздық, бірақ ештеңе істемелді. Ал ол анамды онымен байланысқа шығып, оны кешірмесе, мені өлтіремін, айтпасаң маған сұмдық жасаймын деп қорқытады. Ол маған телефон соғып, мені өлтіретінін, ал анамды мүгедек қылатынын айтты", – дейді бойжеткен.