Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
31 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Аймақтар

Су басқан өңірлерде нағыз депуттаттар жүр

Сергей Пономаренов пен Нартай Сарсенғалиев Батыс Қазақстан облысына шұғыл іс-сапармен барды

Су басқан өңірлерде нағыз депуттаттар жүр
Фото: amanatbqo

30 наурыз күні , ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сергей Пономаренов пен Нартай Сарсенғалиев Батыс Қазақстан облысына су тасқынына ұшыраған аудандарға шұғыл іс-сапармен барды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы amanatbqo-ға сілтеме жасап.

Ең алдымен су тасқыны жағдайымен танысу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабына барып, содан кейін тұрғындармен кездесті.

Amanatbqo
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нартай Сәрсенғалиев және Сергей Пономарев облысымыздағы төтенше жағдай жарияланған және су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындармен кездесуді Қаратөбе ауданынан кейін Сырым ауданында жалғастырды.

Amanatbqo
Сырым ауданында су тасқыны Өлеңті өзенінің көтерілуі салдарынан 250 үй суға кеткені анықталып отыр. Аудан орталығымен қоса, бірнеше ауыл суға кеткен. 

Тұрғындарды аудан орталығында екі мектеп орналастырып, барлық тұрмысқа қажетті заттармен және азық-түлік, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. 
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамымен қоса, арнайы техникалар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, қайық, УАЗ автокөлігі және ауылдағы жеке тұрғындардың бірнеше трактор тіркемесімен қажетті жұмыстарды жүргізілді.
Amanatbqo
Төтенше жағдайға сай аудандағы әр сала бойынша қызметтер өз жұмыстарын қалыпты режимде атқаруда.
Мәжіліс депутаттары интернатта орналасқан ауыл тұрғындарына барлық шығын толықтау өтелетініндігін атап өтіп, бұл мәселе тікелей Мемлекет басшысының бақылауында екенін жеткізді.