Ринат Зайытов тұрғын үйге қатысты үлескерлер мәселесін көтеріпті

Еліміздегі өзекті мәселелердің бірегейі ол тұрғын үй мәселесі екенін жақсы білесіздер,-деді ол

Фото: Liter.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов тұрғын үй мәселесін көтерді, деп хабарлайды Newsroom.kz

«Еліміздегі өзекті мәселелердің бірегейі ол тұрғын үй мәселесі екенін жақсы білесіздер. Және де ол бір жақты ғана емес, жан-жақты. Иә, проблема барлық аймақта бар. Бірақ Астананың жайы ерекше. Үлескерлердің өз баспанасынан айырылып қалуынан бастап, Елордада апта сайын бой көтеретін тұрғын үй кешендерінің сын көтермес сапасына дейін. Жүгенсіз заңсыздықтар мен мыңдаған халықтың естілмей, естілсе де ескерілмей жатқан мұңы бар.  Бұл жағдайды біржақты қылмаса, іс насырға шабуы әбден мүмкін»,- дейді депутат.

Жүктелуде...