Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Түркістаннан аттанған 80-ге жуық саяхатшыны көрші елдің әуежайынан самарқандықтар ерекше салтанатпен қарсы алды

Фото:Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Түркістан-Самарқан бағытында алғашқы халықаралық әуе рейсі ашылды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Ұлыстың Ұлы күні Түркістаннан бағыт алған ұшақ “Qazaq air” әуекомпаниясына тиесілі. Түркістаннан аттанған 80-ге жуық саяхатшыны көрші елдің әуежайынан самарқандықтар ерекше салтанатпен қарсы алды. 

Бірегей туристік ресурстарға ие Орталық Азия өңірі туризм саласын қарқынды дамытып келеді. Бұл тұрғыда екі ел арасында тәжірибе алмасу, туризм бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жүктелуде...