16 наурыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Newsroom.kz
Атап айтсақ, қар, шектеулі көрініс, көктайғақ пен желге байланысты Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 165 шақырымды құрайтын ”Қызылорда-Павлодар” (Қарағанды қ.-Павлодар обл.шекарасы) трассасында қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Ал Павлодар облысында жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын "Қызылорда-Павлодар" (Қарағанды обл.шекарасы-Шідерту ауылы) жолында қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша тыйым салынды.
"ҚазАвтоЖол" хабарлауынша, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 246 техника және 445 жолшы жұмылдырылған.