Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Әлем

Өзбекстанда 14 мың тұтынушы жарықсыз қалыпты

Министрлік қолайсыздық үшін кешірім сұрады

Өзбекстанда 14 мың тұтынушы жарықсыз қалыпты
Фото: naked-science.ru

Өзбекстанда қатты жел мен жаңбырдан электр желілеріне зақым келіп, 14 мыңға жуық тұтынушы жарықсыз қалды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Самарқан мен Жызақ облыстарында қуат көздерін тарататын нысандарда ақау болған. Бұл туралы елдің энергетика министрлігі хабарлады.

Ташкентте толассыз жауған жауынның салдарынан көшелер көлге айналды. Бұл көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп жолдарда ұзын сонар кептеліс орын алды.

Шахардағы қосалқы стансалардың бірінде ақау шығып, Мирабад пен Сіргелі аудандарында 4 мыңға тарта абонент электр жарығынан ажыратылған.

"Арнайы бригада ақауды жоюға кірісті.Қысқа мерзімде жағдай ретке келтіріліп, тұрғындар электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Қолайсыздық үшін тұтынушылардан кешірім сұраймыз",- делінген энергетика министрлігі таратқан ақпаратта.