Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Сұмдық! Ондаған журналистер Бишімбаев сотында полицияға арыз жазды

Соттың баспасөз қызметі бос орындар жоқ екенін және зал кішкентай екенін түсіндіреді

Сұмдық! Ондаған журналистер Бишімбаев сотында полицияға арыз жазды
Фото: kaztag.kz

Ондаған журналистер бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша полицияға арыз жазды, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы kaztag.kz-ке сілтеме жасап.

12 наурызда журналистер полиция шақырып, Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы кезінде журналистік қызметке кедергі жасау туралы өтініш берді.

Сот ашық режимде өтуде, алайда журналистерге екінші күні мәжіліс залына кіру мүмкіндігі болмаған. Соттың баспасөз қызметі бос орындар жоқ екенін және зал кішкентай екенін түсіндіреді.

Журналистер оларды топтарға немесе тек фото және видео түсірілімге жіберуді ұсынды. Өтініштен бас тартылды, енді БАҚ өкілдері конференц-залдан не болып жатқанын бейнетрансляция арқылы бақылай алады.

"Онда кейде дыбыс жоғалып, техникалық ахаулар болады,"-деді журналистер.