Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Үлкен компанияда жұмыс істесін» Сырымбек Тау жас кәсіпкерлерге кеңес берді

Кәсіп бастағысы келген жастар неден бастауы керек?

«Үлкен компанияда жұмыс істесін» Сырымбек Тау жас кәсіпкерлерге кеңес берді
Фото: Видеодан кадр

Кәсіпкер Сырымбек Тау кәсіп бастағысы келген жастарға кеңес беріп, неден бастау керектігін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Руслан Шаекиннің ютуб арнасына берген сұхбатында Сырымбек Тау Моңғолиядағы тәжірбиесімен бөлісті.

"Мен жас болғанда инстаграм, тикток болмады. Қазір бәрі бар. Біздің бала кезімізге қарағанда, қазіргі кез жақсырақ. Өйткені мүмкіндік көп. Студент болғанымда бір тәжірбием болды. Моңғолияның үлкен компаниясы "Кока-Коланы" алып келді. Ол кезде Моңғолияда "Кока-кола" жоқ. Олар маркетингке үлкен қаржы жұмсады. "Кім үздік маркетинг жобасын жасайды, соған қомақты қаржы береміз",- деп жариялады. Біз туризм саласында жүрген экономистер әртүрлі жоба ұсынып көрдік. Біз көшеге жазу беруді ұсындық. 150-деп тұратын жазуды ғана ілуді ұсындық. Билбордтарда 150 деп жазылып тұрады, болды. Бір ай бойы ілдік. Адамдар кімнің 150 жылдығы, 150 жылдық не болайын деп жатыр деп сұрай бастады. Біреулер Ұлан Баторға 150 жыл деді. Қызығушылық басталып кетті. Содан кейін тағы бір ай 150 т деп қойдық.  Содан кейін олар бірдеңені 150-ге сатқалы жатыр деді. Соңында біз "Кока-кола" бөтелкесі 150 тугрик тұрады"  деп жаздық. Бұл ең көлемді жарнама болды. Менің сол кезде алған үлкен тәжірбием болды. Ал жастарға кеңесім, "Кока-колада" жұмыс істесін, Эйр Астанада жұмыс істесін, Тойотада жұмыс істесін. Осы компанияларда жұмыс істесе, үлкен тәжірбиесі болады. Мен өзім Эйр Астанада жұмыс істегендерді өз жұмысыма аламын. Бизнеске бару үшін сол компаниялардан тәЖірбие алсын деп ойлаймын. Ақшасы болмаса, осылай жұмыс істеп, тәжірбие алуы керек",- деді Сырымбек Тау.