Сиреналар қосылды: Алматыда тағы жер сілкінді

Қатты жер сілкінісі орын алды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы тұрғындары қатты жер сілкінісін сезінді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

4 наурыз күні сағат 11:22-де Алматы қаласында жер сілкінді. Тұрғындардың айтуынша, шамамен 5-6 балдық сілкініс орын алған. 

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы эпиорталық пен сілкініс балын зерттеу үстінде екен.

Айта кетейік, Қырғызстанда да 5,4 балдық магнитудамен жер сілкінген. Тұрғындардың телефондарына бірден смс келіп, ескерту жасалған. Ал Алматы қаласында сирена ғана қосылды.

Жүктелуде...