Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жауын, қар, тұман: 3 наурызда ауа райы қандай болады?

3 наурызға арналған ауа райы болжамы

Жауын, қар, тұман: 3 наурызда ауа райы қандай болады?
Фото: semeytany.kz

"Қазгидромет" РМК 3 наруыздағы ауа райына байланысты 7 өңірге ескерту жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Ақмола облысының
 солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. 

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.