Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Құжаттағы көрсетілген негізгі құқықтық тетіктердің бірі – желідегі жарнаманы таңбалау міндеттемесі.
Яғни, блогерлер әлеуметтік желілерге орналастыратын жарнама материалдарын таңбалауға тиіс.