Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Синоптиктер 1 наурыздағы ауа райына байланысты ескерту жасады

1 наурызда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 1 наурыздағы ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: Aikyn.kz

"Қазгидромет" РМК 1 наурызда Алматы, Астана және тағы жеті қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды newsroom.kz.

"2024 жылғы 1 наурызда Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Риддер, Теміртау, Қарағанды, Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату