Бірыңғай уақыт белдеуі: Намаз уақыты өзгере ме?

Намаз уақыты 1 наурыздан бастап жаңаратылады

Фото: Aidos_Ukibay

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстанның бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты ресми сайтындағы намаз уақыты 1 наурыздан бастап жаңаратынын мәлімдеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

«29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады», – делінген діни басқарманың хабарламасында.

Жүктелуде...