Нұрлан имам тоқал алуға байланысты сұраққа жауап беріпті

Желіде танымал имам Нұрлан Байжігітұлының тоқал алуға байланысты айтқан пікірі тарапты

Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде танымал имам Нұрлан Байжігітұлының тоқал алуға байланысты айтқан пікірі тарап жатыр, деп хабарлайды Newsroom.kz

Видеоның сипаттамасына «тоқал сол тоқал» деп жазылған. Видеода алдымен Нұрлан имам өзіне желі қолданушыларының бірі қойған сұрақты оқып, ары қарай соған жауап береді.

«Тоқал алған дұрыс па, бұрыс па, дейді. Тоқалдан басқаны бітірейік те, жаныма-ау. Мемлекетімізді дамытудың орнына, қатын-қалаштың әңгімесінің төңірегінде жүрміз. Қашан дамимыз? Қашан оқимыз? Балаларымыз қашан ел, жер қорғайтын болады? Қазақтың басына күн түспей-ақ қойсын. Егер күн түсетін болса, таксиді отыз мыңға көтеріп, дүкеннен екі литр сүт ұрлап, «мородер» болып, онсыз да қиналып жатқан халыққа он екі балл жер сілкінеді деп, одан бетер қорқытып, үрейін алғаннан басқа не істей алатын болдық, өзі? Қашан дамимыз, алтындарым-ау?!», – дейді танымал имам.

Видео қазір 178 мың қаралым жинаған.

Жүктелуде...