Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Астана мен Семейде бастауыш сынып оқушылары онлайнға көшеді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептер онлайнға көшпек

Астана мен Семейде бастауыш сынып оқушылары онлайнға көшеді
Фото: sputnik.kz

Астана мен Семей қалаларында бірінші ауысымның оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты 23 ақпанда қашықтан оқу форматына көшіріледі, деп хабарлайды Newsroom.kz.

"Ауа райының күрт нашарлауына байланысты 2024 жылы 23 ақпанда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді", делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ Семейде қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері де қашықтан оқыту форматына көшірілді. 

 

 

 

Бұған дейін Қазақстанда суықтың беті қашан қайтатыны хабарланған. Болжамға сәйкес, Қазақстан бойынша 2024 жылы 23-24 ақпаннан бастап күн біртіндеп жылына бастайды. Арктикалық антициклонның алмасқанын шығыс өңір ең соңғысы болып сезінеді.