weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жамбыл облысында ұрланған көліктен 2 млн теңгеге жуық қаражат табылды

Жамбыл облысының полицейлері өзгенің көлігін де, ақшасын да заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді

Жамбыл облысында ұрланған көліктен 2 млн теңгеге жуық қаражат табылды
Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысының полицейлері өзгенің көлігін де, ақшасын да заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Newsroom.kz

Полиция қызметкерлері Жуалы ауданы шаруа қожалықтарының бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1 500 000 теңге ақшасын ұрлаған ер адамды ұстады.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік құралы Тараз қаласынан табылды.

34 жастағы күдікті ақшаны алып, көлікті мөлтек аудандардың бірінің ауласына қалдырып кеткен. Ал қаражатты жеке басының қажеттілігі үшін жаратып үлгерген.

Ол қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→