iPhone 15-ті арзан бағада сатамын деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Алматылық алаяқ құрықталды

Фото: polisia.kz

Алматылық арзан бағада телефон сатамын деп тұрғындарды сан соқтырған, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтық жасады деген күдікпен 30 жастағы О. есімді азамат ұсталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол iPhone 15 моделдегі телефонын нарық бағасынан төмен бағаға сатып алуды ұсынған. Бірақ тауар үшін ақша алғаннан кейін ол жасырынып, түскен ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Оның кем дегенде 3 алаяқтық ісіне қатысы бар екені анықталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Алданған адамдардың көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Сондықтан О. есімді азаматтың әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондарға хабарласуға шақырамыз: 8-701-233-47-908-747-700-00-72 және 8-778-677-67-65", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Жүктелуде...