2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өсті. Биыл қатары 300 мыңға жуықтаған студенттің стипендиясы тағы 50 пайызға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz
"Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі", - деді ТжКБ бас сарапшысы Дархан Сатанов.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі.