weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жатақхана қызметкері студент қыздарға ұлдардың бөлмесін тазалатпақ болған

Түркістан облысындағы колледж жатақханасында студент қыздарды ұлдардың бөлмесін тазалауға мәжбүрледі деген шағымнан кейін тексеріс жүргізілді.

Жатақхана қызметкері студент қыздарға ұлдардың бөлмесін тазалатпақ болған
Фото: ашық дереккөз

Желіде тараған видеода жатақхана қызметкері қыздарға ұлдардың бөлмелерін, дәліз бен дәретханаларды тазалауды талап еткені айтылған. Студенттер мұндай талапқа бағынбаса, жатақханадан шығарамыз деген қысым болғанын мәлімдеген.

Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен облыстық білім басқармасы тексеріс жүргізді.

Тексеру барысында бірінші курс студенттерінен жазбаша түсініктеме алынған. Олардың айтуынша, жатақхана қызметкері «Баян апай» қыздардан өз бөлмелерін жинауды және ұлдардың бөлмелерін тазалауды сұраған. Алайда студенттер ұлдардың бөлмесін тазалаудан бас тартқаннан кейін ауызша жанжал туындаған.

Нәтижесінде колледж әкімшілігінің бірнеше қызметкері — директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жатақхана меңгерушісі, тәрбиеші және тазалық қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алған.

Министрлік заңға сәйкес кәмелетке толмағандарды еңбекке мәжбүрлеуге немесе қысым көрсетуге жол берілмейтінін еске салды. Сондай-ақ білім беру ұйымдары студенттердің жатақханада тұруына қажетті жағдайды белгіленген талаптарға сай қамтамасыз етуі тиіс екенін мәлімдеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→