Талдықорғанда ықшамаудандар мен көшелер жаңа атауға ие болады. Мұндай шешім мәслихаттың кезекті сессиясында қабылданды, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Жетісу облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы бойынша Талдықорғаннің бұрын сандармен белгіленген шағынаудандары жаңа атауға ие болады.
Қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі атауы жоқ №9 шағынауданға "Құлагер" атауы беріледі.
Талдықорғанның оңтүстік-батыс бөлігіндегі атауы жоқ №10 шағынауданға "Әл-Фараби" атауы берілмек.
Қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі атауы жоқ даңғылға Жолбарыс би даңғылы атауы берілмек. Сондай-ақ, Ворошилов көшесі "Нұрғиса Тілендиев" көшесі болып, Невский көшесі "Абдулхак Абдулхалықов" көшесі болып өзгермек.
Сонымен қатар, "Шайқорған" тұрғын алабындағы көшелерге жаңа атау беріледі:
- №17 көше – "Ақберген" көшесі;
- №18 көше – "Қарасу" көшесі;
- №19 көше – Атамұра көшесі;
- №20 көше – Арман көшесі;
- №22 көше – "Ақтор" көшесі;
- №23 көше – "Дидар" көшесі;
- №24 көше – "Бұлбұл" көшесі.
"Балауса" тұрғын алабында:
- № 1 көше – "Жартас" көшесі;
- № 2 көше – "Жайық" көшесі;
- № 3 көше – "Созақ" көшесі;
- № 6 көше – Арал көшесі;
- № 7 көше – "Сауран" көшесі;
- № 14 көше – "Несібелі" көшесі;
- № 15 көше – "Жанкент" көшесі.
Сонымен қатар, Алакөл ауданындағы бір ауылдың атауы өзгертілсе, Жыланды ауылдық округіндегі Әшім ауылы Төңкеріс атауын алады. Панфилов ауданындағы Талдын ауылдық округіне қарасты Лесновка ауылы енді Талды деп аталмақ.