Алайда зардап шеккендердің бірі кейіннен көз жұмды.
Полиция мәліметінше, оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Барлық мән-жай анықталып жатыр. Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі қамауға алынды», — деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті.
Құзырлы орган жүргізушілерді қыс мезгілінде жол ережесін қатаң сақтауға, арақашықтықты ұстанып, барынша сақ болуға шақырды.