Алматыда 83 млн теңгені қолды қылған алаяқ ұсталыпты

Күдікті - Алматы облысының тұрғыны

Фото: polisia.kz

Алаяққа сенген алматылық 83 млн теңгесінен айырылып қалды. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Newsroom.kz

Ол таныс әйелге инвестицияны көбейту үшін қомақты соманы берген. "Т. есімді азаматша таныстарына ЖШС бірінің атынан ірі отандық компаниялардың біріне салымдар - инвестиция арқылы қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісімшарт жасап жатқанын айтты. Бірақ ең қызығы компанияға бұл салым қажет емес еді. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге осындай алаяқтық туралы арызбен 9 адам жүгінді. Алдын ала мәлімет бойынша, Т.есімді азаматша делдал ретінде 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем алған, ал жәбірленушілердің бірінен 83 миллион теңгені алып алған. Күдікті ұсталды", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев. 

Күдікті - Алматы облысының тұрғыны. Осы эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тәртіп сақшылары алданғандардың әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Күдіктіні таныған жағдайда полиция мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8-701-233-47-90; 8-747-700-00-72 және 8-778-677-67-65. 

Жүктелуде...