Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Айжұлдыз Адайбекова жүктілігінің соңғы айында үш ота жасатыпты

Айжұлдыз Адайбекова ұлын өмірге әкелген сәтін есіне алды

Айжұлдыз Адайбекова жүктілігінің соңғы айында үш ота жасатыпты
Фото: My ustaz

Танымал актриса, әнші, кәсіпкер Айжұлдыз Адайбекова алғаш ана атанған сәтін есіне алды,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы “Теңдессіз дұға” подкасына сілтеме жасап.

Бүгінде актриса Назар есімді ұлын жалғыз өзі өсіріп отыр. 

“Ұлым дүниеге келерде өте көп қиналдым. Жүктіліктің тоғызыншы айында соқырішек болып ауырып, үш рет ота жасады. Өзімнен басқасының бәрі жылап жүр. Дәрігерлер де “баланың аман қалу-қалмауы белгісіз” дегенді көп айтты. Бірақ соны ести тұра, мен ұлымның есімін тумай тұрып-ақ ойластырып қойдым. Өзім ғана оның ерекше бала болатынын сездім. Түйсігім алдамады. Әкесі жанында болған жоқ. Бірақ мен ол кісілерді жамандап, “Астарлы ақиқатқа” барып, жұртты шулатпадым. Бар ойым баламды дүниеге аман-есен әкелу еді. Аяғым ауыр кезде өте көп күйзеліске түстім. Сол кезде түсіме бір кісі келіп, ақ шапан жаба беретін. Ақ түс жақсылықтың нышаны деп жоритын едім. Қазір бәріне шүкір деймін. Ұлым 2 жастан асты. Тілі ағылшынша шықты. Үйде ешкім ағылшынша сөйлемейді. Қазақша да сөйлеп, түсінеді. Үлкен адамдар секілді ойлайды. Осының бәрі үздіксіз дұға етуімнің нәтижесінде болған шығар. Ес білгелі сүре оқып келемін”, – дейді актриса.