Алматыда монша отқа ораныпты

Қызыл жалынның шығу себебі қандай?

Фото: ТЖМ

Алматының Медеу ауданында орналасқан монша кешенінен өрт шықты,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 ақпанда сағат 18:00 шамасында департаменттің күштері мен құралдары Медеу ауданы Оспанов көшесінде орналасқан монша кешеніндегі өрт туралы хабарламаға жіберілген.

Өрт сөндіру техникасының жүру жолындағы кептеліс кедергі болғанына қарамастан, жедел жеткен өрт сөндірушілер екі ағаш үйдегі өрттің көрші ғимараттарға таралу қаупі бар екенін анықтаған. Дереу жедел штаб жұмылдырылып, өрт сөндіру құрылғылары орнатылып, үздіксіз сумен қамтамасыз етілген.

Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы – 600-700 шаршы метр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 47 минутта оқшауланған.

Жүктелуде...