Астанада қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Тергеу жұмыстары басталды

Видеодан кадр

Астана полициясы елордадағы көше қиылыстарының бірінде қызға шабуыл жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды newsroom.kz.

"Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 12 ақпанда елорда аулаларының бірінде қызға шабуыл жасаған Шығыс Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде",-деп хабарлады елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кеше елордалық полиция бұл оқиғаны тергеумен айналысып жатқанын хабарлады.

"Астана қаласының полиция департаменті тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат таратылмайды", - делінген полиция хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қызға жасалған шабуылдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралған еді. 

Кадрларда ер адам қыздың артынан жүгіріп келе жатқанын және оның мойнынан қылғындырғанын көруге болады. Қыз қарсы тұруға тырысады, бірақ ер адам оны тұрақта тұрған көлігінің артына сүйреп алып кетеді. 

 

Жүктелуде...