Алматыда 700 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылыпты

«Алматы ӘКК» АҚ 2021 жылы алынған учаскелердің бірін (35 акр) қоғамдық іс-шаралар кешенін салу үшін ЖШС-ге берген

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Медеу ауданының прокуратурасы қала орталығында жеке тұлғаларға заңсыз берілген жер учаскелерін анықтады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

2009 жылы мемлекет мұқтажы үшін Шығыс айналма автожолының құрылысына байланысты нарықтық құнымен 1,2 млрд теңгеге Радлов көшесінен 13 жер учаскесі сатып алынған.

«Алматы ӘКК» АҚ 2021 жылы алынған учаскелердің бірін (35 акр) қоғамдық іс-шаралар кешенін салу үшін ЖШС-ге берген.

Алайда заңды тұлға 3 мың 500 шаршы метр ғимараттың орнына, небәрі 22 шаршы метр нысан тұрғызған. Осылайша, 32 млн теңгеге жерді жеке меншікке заңсыз сатып алған. Бұдан бөлек, дәл осы ауданда 2020 жылы аукцион өткізілмей, жергілікті атқарушы орган коммерциялық мақсаттар үшін тағы бір серікестікке учаске берген. 37 соттық жер осы уақытқа дейін игерілмеген. Жылжымайтын мүлік мемлекетке қайтарылды.

Жоғарыда аталған жердің нарықтық құны 700 млн теңгеден асады.

Жүктелуде...