Лай көшкінінен қаза тапқан егіздермен сыныптастары қоштасты

Сергей мен Денистің есімі біздің жүрегімізде сақталады,-деді сыныптастары мен мұғалімдер

Фото: Ашық дереккөз

Бүгін Алматыдағы №48 мектеп-лицейі лай көшкіні кезінде қаза тапқан қос ағайынды оқушы Денис пен Сергей Шинді еске алып, аза тұтты, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

«Сергей мен Денис Шин біздің оқушылар. Оларды білетіндердің барлығының ауыртпалығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сергей мен Денистің есімі біздің жүрегімізде сақталады!» – делінген мектептің хабарламасында. 

Бүгін Алматыға егіздердің үлкен ағасы Дмитрий Шин ұшып келуі керек. Ертең марқұмдарды жерлеу рәсімі өтеді.

Денистің досы Арыстан Әбілқаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында соңғы рет қайғылы оқиғадан 2 сағат бұрын сөйлестім деп отыр.

«Жай жағдайын сұраған болатынмын. Менде үлкен ағасының нөмірі бар, ол бүгін немесе ертең Алматыға ұшып келуі керек. Дима Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялық университетінде оқиды. Диманың тегі – Шин. Ұзын бойлы, ірі жігіт, шамамен 185 сантиметр. Мектептегі досым арқылы танимын, олар бірге оқыған. Олардың анасының ұлты – кәріс. Егіз ұлдар анасы және өгей әкесімен бірге тұрды. Мен Дениспен бір жыл бұрын «Медеуде» танысқанмын, біздің ортақ достарымыз бар. Бірге серуендеп, көп уақытты бірге өткіздік. Ұлдар №48 мектептің 9-сыныбында оқыды», – дейді Арыстан Әбілқаев.

Еске салайық, Алматыда 8 ақпанға қараған түні лай көшкіні жүріп, тұрғын үйдің үстіне құлаған болатын. Апат салдарынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты. Егіздер Денис Шин мен Сергей Шин, анасы Ольга және өгей әкелері Ілияс Омаров бар.

 

Жүктелуде...