Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қызылордада екі браконьерден 76 киіктің ұшасы тәркіленіпті

Полиция күдіктілерді ұстады

Қызылордада екі браконьерден 76 киіктің ұшасы тәркіленіпті
Фото: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер 76 киікті заңсыз тасымалдаған күдіктілерді оқиға орнында ұстады,-деп хабарлайды newsroom.kz.

6 ақпан күні сағат 22:30 шамасында Қызылорда полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері "Браконьер" іс-шарасы аясында Жезқазған-Қызылорда тасжолында Toyota Hilux және Toyota land cruiser автокөліктерін тоқтатпақ болған. Алайда күдіктілер полицияның тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, бой тасалағысы келген.
Дегенмен тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы Toyota Hilux автокөлігінен 29 бас, Toyota land cruiser автокөлігінен 47 бас киіктің ұшасын, сонымен қатар Toyota Hilux автокөлігінен 9 дана 12 калибрлі оқ дәріні тауып, тәркіледі. 

"Аталған дерек бойынша ұсталған 35 және 28 жастағы қала тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазір тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы шешіліп жатыр. "Браконьер" жедел-профилактикалык іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасының 2 дерегі анықталды. Бұдан бөлек 9 киік ұшасының алыну деректері бойынша да тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қызылордалық тәртіп сақшылары.