Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева 70 жаcын дүркіретіп тойлап, жақындарының жанында қарсы алды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Нағима Есқалиеваны замандасы әрі досы Роза Рымбаева да құттықтап, тағдыры ұқсас екенін айтты.
Жолымды лауреаттықтан бастадым, сосын Нағима алды. Сонан соң Нағима ұлды болды, артынша мен де ұл тудым. Осылай өмірде екеуміз қатар келеміз, бірақ бізді салыстырудың қажеті жоқ. Нағиманың өз әні, өз стилі, өз репертуары бар, ал менікі бөлек. Нағима, біз қазақ эстрадасына аз да болсын үлес қостық деп айтуға құқымыз бар деп ойлаймын, - деді Роза Рымбаева.
Нағима Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Фабричный кентінде 1954 жылы 3 ақпанда жұмысшы отбасында туды. Оның ата тегінің қонысы Ақтөбе облысы. Әкесі – Қабыл, анасы – Асыл қарапайым отбасы. Ол бала кезінен актриса болуды армандады.
- Қазақстанның қазіргі көптеген эстрада жұлдыздары эстрада цирк студиясында (бұл қазіргі күні Жүсіпбек Елебеков атындағы колледж) қанаттанды. Соның бірі – Нағима Қабылқызы Есқалиева. Оның ұстазы Қазақстанның әйгілі өнерпазы – Лаки Кесоглу. Ол бұл студияны 1973 жылы тәмамдады.
- Алматы музыкалық училищесін бітірген.
- Есқалиеваның есімі 1979 жылы “Әнмен өрнектелген өмір” Бүкілодақтық жас әншілер сайысынан соң эстрадалық музыканы сүюшілер арасында белгілі бола бастады.
- Жастардың «Алло, мы ищем таланты!» сайысында дипломант атанды. Оның осы сайыста өнер көрсетуі үлкен табыспен өтті.
- 1977 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірді. Осы жылдан бастап «Қазақконцерт» бірлестігінде екі жыл бойы әншілік жолда болды
- 1978 – 83 жылдарын «Гүлдер» ансамблінің әншісі.
- 1979 жылы ол әртістік күшін Бүкілодақтық жас әртістер сайысында Ленинградта сынайды
- ХІХ Халықаралық эстрада әндеріне арналған «Алтын Орфей» фестивалінде бірінші сыйлықты иеленді.