Белгілі әнші өзінің отбасылық өмірі туралы ешкім білмейтін ақпараттармен бөлісті. Бұл туралы newsroom.kz порталы "ұйқым келмейді" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әңгіме барысында Серікбол Сайлаубек балаларына уақыт бөле алмай жатқандығын айтты.
"Шыны керек, уақыт жоқ. Анасы, апасы тәрбиелеп жатыр. Шыны керек, мен үйде пәтер жалдаушы сияқтымын. Бір-екі күн боламын, қайта кетемін. Қазақ елі кең, үлкен. Тойға шақырады. Енді не істейміз? Бала-шағаны асырау керек. Қолдан басқа не келеді? Маңдайымызға жазылғаны осы енді", - деді Серікбол Сайлаубек.
Сондай-ақ, әнші әйелімен ажырасып кеткеніне 4-5 жылдың жүзі болғанын да айтып берді.
"Халықты алдамай-ақ қояйын. Ажырасып кеткенімізге 4-5 жыл болды. Енді үйде болмаймыз, әртіс адамға кім шыдайды? Ол кісі қазір өзімен өзі. Мүмкін менің де қателігім бар шығар. Қазір мен бойдақпын. Балаларымыз екі жақта жүре береді. Халық білсін, айту керек", - деді әнші.