Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 ақпан, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс

Жедел-жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан азамат 2 айға қамауға алынды

Сот үкімі шықты

Жедел-жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан азамат 2 айға қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу соты күдіктіні сырттай қамау туралы прокурор шағымын қанағаттандырған.

"28 қаңтарда сот сырттай Нұрболат Дәкебаевқа қатысты екі айға қамау туралы бұлтартпас шарасын тағайындады. Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ", - делінген сот таратқан хабарламада.

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағанды ​​тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан еді. 

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттерді қатаң айыптап, бұл оқиғаны жеке өзі қадағалайтынын айтты.