Ақтөбе полициясы кәмелетке толмаған қызды іздестіріп жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ресми деректерге сүйенсек, 2007 жылы туған Ракип Еңлік Дәулетиярқызы 1 ақпанда үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.
"Бойы-шамамен 160-165 сантиметр, арық дене бітімі, шашы қою ұзын, көздері үлкен, ерні қалың, қасы қалың. Қоңыр түсті қысқа куртка, сұр-ақ жолақты шалбар, ақ етік киген. Ерекше белгілері жоқ", - делінген Ақтөбе облысының полициясының мәлімдемесінде.
Қандай да бір ақпараты бар барлық адамдардан 102 немесе +7 776-546-66-66 телефондары арқылы хабарласу сұралады.