Сақалсыз! Жедел жәрдемді сабаған қарағандылық құрықталды

Жедел жәрдем қызметкерін ұрған адамға жаза қандай болмақ?

Фото: Ерқанат Көпжасар

Қарағандыда жедел-жәрдем қызметкерін ұрған бейнежазба әлеуметтік желіде таралған болатын. Қазіргі таңда қылмыскерге қатысты тергеп-тексеру басталды-деп хабарлайды Newsroom.kz

Жарияланған кадрларда ер адамның жедел-жәрдем жүргізушісімен дөрекі сөйлесіп жатқанын көруге болады. Екеуара түсінспеушілік жедел жәрдем көлігін тұраққа қою мәселесінен туындаған.

Бір кезде ер адам жедел жәрдем қызметкеріне бірнеше рет соққы берді. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушіге дене жарақатын салған ер адамды анықтағанын хабарлады. Қазіргі таңда оған қатысты тиісі шарасы алынып жазаланатын болады.

Жүктелуде...